RSS лента

Петропавлда бюджеттің бүйірін тескен басшы тергелуде

  • 24.06.2024, 09:04,
  • 153
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі» ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен білгеніміздей, лауазымды тұлға кәсіпкерлік субъектісімен алдын ала сөз байласу бойынша тұрғын үйлерді жылыту және сумен жабдықтау жүйелерін ағымдағы жөндеуге бөлінген 7,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости