Абай облысында радикал ұсталды
- 29.12.2023, 11:19,
- 298
- 0
- Автор:
Turan Times
Автор фото: gov.kz
2023 жылғы 29 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның қолғабыс етуімен Абай облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Turantimes.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттауда күдіктенуде. Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынған. Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.