RSS лента

Тендер жеңімпазынан 7 млн теңге бопсалаған (+видео)

  • 10.01.2024, 16:41,
  • 350
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Атырауда тендер ұтып алған кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалағандар ұсталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атырау облысы полиция департменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаметімен бірлесе отырып, облыс прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Мақат ауданында кәсіпкерден 2,5 млн. теңге қаражатты қорқытып алу дерегі анықталған. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі мәлім етті. 35 және 34 жастағы екі күдікті жәбірленушіден 1 млн. теңге алу барысында ұсталып, қамауға алынды.

 

Іс-құжаттарына сәйкес аталған күдіктілерге осы кәсіпкерден 2023 жылғы қазан айынан бері бопсалау арқылы жалпы сомасы 4,5 млн. теңгені заңсыз иемдегені үшін де күдік келтірілуде. Қазіргі таңда адамдар тобымен ірі мөлшерде қорқытып алу дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

 

Айта кетейік, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости