Т. алаяқтық, пара беруге итермелеу және немқұрайлық танытқаны, ал О. пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлім етті.
Т. РМК-да жүргізіліп жатқан аудиторлық тексеру жөніндегі мәселенің шешімін оң жақты еткені үшін лауазымды тұлғаларға пара беру сылтауымен О-ның 500 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені анықталды.
Сондай-ақ Т. өз міндеттерін тиісінше орындамау нәтижесінде орындалған жұмыстардың актілеріне оны нақты орындалмай қол қойды, сол арқылы мемлекетке 2,2 млн теңге сомаға залал келтірді.
Сот үкімімен Т-ға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза, О-ға 7,5 млн теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.
Сонымен қатар, аталған адамдар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.