RSS лента

Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға сотталды

  • 13.02.2024, 16:54,
  • 318
  • 0
  • Автор:
Автор фото: facebook/Арыстанбек Мухамедиұлы

Бұрынғы министр пара беруге оқталғаны, делдалдық және алаяқтық үшін сотталды, деп хабарлайды Turantimes.kz Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.

2024 жылғы 13 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Мұхамедиұлына қатысты үкім шығарды.
Тергеу барысында ол аса ірі мөлшерде пара беруге оқталды деп айыпталды. Атап айтқанда, 2022 жылдың желтоқсанында Астана қаласының тергеу изоляторында болған кезінде қамаудан босатылып, қонақ үйді меншігінде ұстап қалғысы келіп, адвокат арқылы лауазымды тұлғаларға аса ірі мөлшерде пара беруге қылмыстық ниет білдірді, бұл ретте өзінің жұбайын парақорлыққа делдал ретінде тартуға шешім қабылдады.
Кейін келіссөздер жүргізіп, заңсыз ақшалай сыйақыны лауазымды адамдарға беру туралы келісімді жүзеге асыру мақсатында пара беруге дайындығы туралы хабарлады. 2022 жылдың желтоқсанында кафеде 140 мың АҚШ долларын жеке өзі табыстаған. 2023 жылдың қаңтарында жұбайы делдал рөлін атқара отырып, Мұхамедиге қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту үшін 120 мың АҚШ долларын өзі тапсырған. 2023 жылдың сәуірінде жазасын жеңілдету үшін тағы да 100 мың АҚШ долларын берді. 2023 жылдың маусымында ол тағы да делдал рөлін атқара отырып, өзінің ұлы арқылы 27 млн. теңге және 40 мың АҚШ доллары сомасында ақша берген.
Сот үкімімен бүгін Мұхамедиұлы аса ірі мөлшерде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабының 3 және 6-бөліктері негізінде, 20.06.2023 жылғы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен тағайындалған қатаң жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салына отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости