Қостанайда судьяның өзі сотталды
- 12.09.2022, 18:50,
- 602
- 0
- Автор:
Turan Times
Автор фото: әлеуметтік желі
Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен Қостанай облыстық соты сот алқасының төрағасы екі ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.
«Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 9 қыркүйектегі қаулысымен Қостанай облыстық сотының сот алқасының төрағасы А.Х.Дарбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды» делінген хабарламада.