Б.Хаменованың адвокаты И.Вранчев қорғауындағы айыпталушының отбасылық жағдайы мен денсаулығындағы ақаулықтарды атап, соттан заңдылыққа сәйкес уақытша қамау изоляторынан үй қамаққа ауыстыруын сұрады. Адвокаттың бұл өтінішін басқа айыпталуышылар мен олардың қорғаушылары қолдап отыр. Тек прокурор Лаура Асанова ғана келіспейтінін айтты. Істі болып жатқан Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішті бүгін сағат 1500-де Атырау қаласының №2 соты қарайды.
Еске сала кетелік, іс Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, және кәсіпкер Адамовқа қатысты қаралып жатыр.