RSS лента

Еңбек инспекциясының бөлім басшысы сотталды

  • 26.06.2024, 14:03,
  • 354
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

Атырау қаласының №2 сотымен облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен білгеніміздей, ол кәсіпкердің ақшасын алаяқтық жолмен жымқыруға оқталғаны және өндірісте екі қызметкердің қайтыс болуы фактісі бойынша оған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуға байланысты лауазымды адамдарға пара беруге итермелегені үшін сотталды.

 

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

Алдын алу шаралары аясында процеске онлайн режимде еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері қосылды.

 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости