RSS лента

Көліктік бақылау инспекциясындағы былық әшкере болды

  • 24.07.2024, 16:02,
  • 788
  • 0
  • Автор:
Автор фото: "Midjourney" нейрожелісімен жасалған

ШҚО бойынша Көліктік бақылау инспекциясының лауазымды тұлғалары сотталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық соты ағымдағы жылы 12 шілдеде облыстың Көліктік бақылау инспекциясының басшысы Б.Нұралиев пен оның орынбасары А.Тұрақбаевқа қатысты үкім шығарды.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен білгеніміздей, олар лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны және кенді салмақ параметрлерінен асыра тасымалдау жолымен кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін кінәлі деп танылды, бұл мемлекетке 63 млн теңге сомасында залал келтіруге әкеп соқты.

 

Сот үкімімен Б. Нұралиев пен А. Тұрақбаевқа мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

 

Үкім заңды күшіне енді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости