RSS лента

Алматыда коммуналдық кәсіпорын басшысы сотталды (+видео)

  • 02.08.2024, 12:43,
  • 1 870
  • 0
  • Автор:
Автор фото: бейнежазбадан скриншот

Алматы қаласы Медеу ауданының № 2 соты «Алматы тазалық» ШЖҚ МКК директоры мен «Қала көркейту» ЖШС жеке компаниясының директоры жемқорлық фактісі бойынша сотталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлім еткендей, Т. Алматы қаласының көшелері мен тротуарларын күтіп ұстау бойынша қосалқы мердігерлік қызметтер шарттарын жасасқаны және орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 2,7 млн теңге сомасында пара алған.

 

Сот үкімімен Т-ға 81 млн теңге сомасында айыппұл, Б-ға – 3 жыл және 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

 

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости