RSS лента

Маңғыстауда «Еңбек мобилділігі орталығының» директоры сотталды

  • 22.08.2024, 12:16,
  • 729
  • 0
  • Автор:
Автор фото: "Midjourney" нейрожелісімен жасалған

Түпқараған аудандық соты Маңғыстау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директорына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ол Өзбекстан Республикасы азаматына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу сылтауымен 200 мың теңге мөлшерінде ақша қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

 

Сот үкімімен оған 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

Сондай-ақ, сотталған адам мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости