RSS лента

«Жетісу» футбол клубында не боп жатыр?

  • 22.08.2024, 18:05,
  • 752
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубының спорт директорына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ол футболшының еңбек шартына бонус беру сылтауымен 5,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

 

Сот үкімімен оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости