RSS лента

Уақытша әкім боламын деп басы бәлеге қалды...

  • 04.09.2024, 16:17,
  • 147
  • 0
  • Автор:
Автор фото: "Midjourney" нейрожелісімен жасалған

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық соты парақорлық жасағаны үшін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы, осы ауданның қаржы бөлімінің басшысы және жеке компания өкілі сотталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Т. пара алғаны, ал Әділбаев мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыс жөніндегі функцияларды лауазымдық міндеттерінен алып тастамағаны және қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін оған 400 мың теңге сомасында пара бергені үшін кінәлі деп танылды.

 

Бұдан басқа, Ә. Мойынқұм ауылының жолдарын жөндеу бойынша орындалған жұмыстарға жедел ақы төлегені үшін Ш-дан 600 мың теңге сомасында пара алған.

 

Сот үкімімен Т. мен Ш. 12 млн., Ә. 26 млн теңге айыппұлға сотталды.

 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

 

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости