RSS лента

«Астық қоймалары» өкілдіктерінің директоры сотталды

  • 04.09.2024, 09:09,
  • 90
  • 0
  • Автор:
Автор фото: "Midjourney" нейрожелісімен жасалған

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Астық қоймалары» ЖШС «№2 Нан базасы» және «№5 Нан базасы» өкілдіктерінің бұрынғы директорына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ол 160 млн теңгеден астам сомаға азық-түлік астығының мемлекеттік резервтік қорын жымқырғаны және оның 118 млн теңгеден астам сомаға 996 тонна мөлшерінде бүлінуіне әкеп соққан немқұрайлылығы үшін кінәлі деп танылды.

 

Сот үкімімен мүлкі тәркіленіп, 8 жыл 5 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

Сонымен бірге мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости