Аталған соттың баспасөз қызметінен білгеніміздей, Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Сотта анықталғандай, О. балық аулау қағидаларын өрескел бұзып, Жайық өзенінде тыйым салынған ау тор жарағымен балық аулаған. О.-ның кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сауалнама хаттамасымен расталады.
Сот қаулысымен О. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік құқық бұзушылық құралы тәркілене отырып, 51 688 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.