RSS лента

Желіге күдікті сурет жүктеген әйел жазаланды

  • 19.06.2024, 16:15,
  • 242
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Аталған соттың баспасөз қызметінен білгеніміздей, Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігінің 3-тармағымен (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

 

Сотта анықталғандай, азаматша А. «В контакте» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына діни мазмұндағы сурет жүктеп, ашық түрде орналастырған. А.-ның кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, маман қорытындысымен, сауалнама хаттамасымен расталады.

 

Сот қаулысымен А. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қызметтi үш ай мерзімге тоқтата тұрып, 129 220 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости