RSS лента

Ресейде демалып жатқан қазақстандық балалар кері қайтарылды

  • 28.10.2024, 18:15,
  • 159
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

"Қазақстан геологы" пансионатында демалып жатқан атыраулық оқушылар ағаш қоңыздарының қаптап кетуіне байланысты шұғыл үйлеріне қайтарылады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде "Қазақстан геологы" пансионатында демалып жатқан атыраулық балалар түсірген бейнежазба тарады. Онда кереуеттер мен жиһаздарда белгісіз жәндіктер жүргені көрсетілген. Атырау облысы білім беру басқармасы Құлсары қаласынан күзгі каникулға Ресейдің Ставрополь өлкесінде орналасқан пансионатқа 174 бала жіберілген екен. Қазір балаларды үйге қайтару жұмыстары жүріп жатыр.

 

"Балалар 4 қарашаға дейін демалуы керек еді, алайда осы оқиғаға байланысты балаларды үйге қайтару туралы шешім қабылданды", - деді басқарма басшысы Марат Әбуов.

 

Айта кетейік, пансионат Кавказ тауларының баурайындағы орманды алқапта орналасқан. Мұнда бірнеше жаңбырлы күннен кейін ағаш қоңыздары кенеттен күннің жылыну салдарынан ауаға көтеріліп, №6 корпусқа еніп, тараған. Қазір ғимараттарда дезинфекция жүргізілуде.

 

"Балалар бүгін шығады деп жоспарлануда. Олармен бірге жауапты 18 адам еріп жүреді. Басқарма өкілдері де балалардың ата-аналарымен үнемі байланыста болып, олардың жағдайы туралы хабардар етеді. Барлық бала тамақпен қамтамасыз етіледі", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Сонымен қатар, ресейлік сандәрігерлер бұл жәндіктер паразиттік және жұқпалы аурулардың көзі емес екенін атап өтті.

 

"Пансионаттың тұрғын үй-жайларын санитарлық-эпидемиологиялық тексеру деректеріне сәйкес, 24 градус температурада жәндіктердің болуы анықталды. Сыртқы ауа температурасы: +1-6 градус. Бұл жәндік тасбақа кенесі-сапрофит деп аталады, - деп түсіндірді "Пятигорск қаласындағы гигиена және эпидемиология орталығының жалпы гигиена жөніндегі дәрігері С.Козырев.


Фото: иллюстрация

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости