– Вирустық инфекциялар жиілеп жатқан кезеңде науқастануына байланысты балалар балабақша мен мектепке 5 күнге дейін бармаған жағдайда анықтама алудың қажеттілігі болмайды деп әлеуметтік желілерде таралған ақпарат Қазақстан Республикасының аумағында қабылданбайды. Бүгінгі таңда «Мектепке дейінгі тәрбие мен балалар үйіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелеріне сәйкес балалар үш және одан да көп күн сабақта болмаған жағдайда, олар мектепке дейінгі мекемелерге денсаулығы туралы дәрігердің анықтамасымен қабылданады. «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес жекелеген жіті ауруларға шалдыққан білім алушылар мен тәрбиеленушілер бақылауға және сауықтыруға жатады.
Дәлелді себептермен сабақты жіберіп алу білім беру ұйымының (мектептің) ішкі тәртібімен айқындалады. Барлық азаматтарды ресми ақпарат көздерінен сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз! - делінген хабарламада.