Осы жағдайға қатысты Clever media group ЖШС менеджері Олжас Нұрланов пікір білдірді. Ол компания өкілдері әлеуметтік желілерден балалар «гүл алаңында» сырғанап жүрген видеоны көргенін айтты.
«Өкінішке қарай, бұған ештеңе істей алмаймыз. Уақыты келген кезде механик жүріп, алаңды түзетеді. Бір ескерту жасайды, орнына басқа балалар келеді» деді ол.
Айтуынша, электр тогы ажыратылған, сондықтан «электр тогы соғады деген қауіп жоқ».
Сонымен қатар, компания менеджері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полицияға жүгінуге ниетті екенін айтты, өйткені нысан жол бойында орналасқан.
«Қаңтар оқиғаларынан кейін, өкінішке қарай, көп нәрсе бүлініп, кей жерлерде өртелді. Қазір әкімдіктің «Гүл алаңына» байланысты шешімін күтіп отырмыз» деп толықтырды О.Нұрланов.