Себебі, соңғы кездері бейтаныс номерден әлеуметтік желілердегі күмәнді топтарға қосылуды сұраған шақыртулардың көп келетіндігі байқалып отыр. Сондықтан, басқарма басшылары «сақтықта қорлық жоқ» деген принципті ұстанып отырмыз дейді.
Білім беру ұйымдарында ата-аналарға ескерту, балаларға ескерту. Қазір мынау кальмар ойындары жөнінде тәрбие сағаттарында, кездесулерде айтып түсінідіріліп жатыр. Бұл жұмыс күшейтіліп жіберілді деп айта алмаймыз. Біздер қазір барлық білім беру ұйымдарында мониторинг жүргізіп отырмыз осы бағытта. Бір жылдары синий кит деген болды. Ол да жұмыстың нәтижесінде нүктесін қойдық, — дейді Атырау облыстық білім беру басқармасының бас маманы Байжан Шамұрат.
Қазір полиция департаменті балаларға хабарлама жіберуі мүмкін деген телефон нөмірлерін тексеріп жатыр. Өйткені, ғаламтордағы кез-келген платформадан табуға болатын зиянды ойындарды қайталайтындар көбейген. Әсіресе атышулы Кальмар ойыны сериалындағы кейіпкерлердің киімі сұранысқа ие болуда.
Сценариі 2008 жылы жазылып, арада 13 жыл өткенде экранға шыққан Кальмар ойынында қатігездікке толы эпизод жетерлік. Мұның бәрі әлі қалыптасып үлгермеген бала психологиясына кері әсер етеді дейді психологтар.
– Дертке байланысты балалар онлайн бағытта оқыды. Сол кезде әлеуметтік желіде құмар ойындарға, буллинг, кибербуллинг ойындарына қызығушылық танытып, ондағы әрбір істерге, кейіпкерлердің киім киістеріне, бет әлпеттеріне еліктеп, өздері қызығушылық танытып, бейімделіп бара жатыр. Бір жағынан ойын ретінде қызығушылығын арттырып тұр. Бұл ойында кейіпкерлер қатыгездік, зұлымдық, қан төгіс жайында айтылған. Сондықтан баланың жан-жақты психологиясына, танымдық қабілеттеріне де әсерін тигізіп, денсаулығына кері бері әсерін береді деп ойлаймыз, — дейді Б.Момышұлы атындағы №25 орта мектептің педагог-психологі Кәмшат ШӨКЕШЕВА.
Қысқасы балаларды мұндай сериалдар мен ойындардан аулақ ұстаған дұрыс. Өйткені, ата-ана баласының танымын кеңейтемін деп, өміріне балта шабуы әбден мүмкін. Жалпы, биыл облыста 9 жасөспірім өз-өзін өлтірекші болған. Өкінішке қарай, 4 оқушы өзі-өзіне қол жұмсады.