RSS лента

Жүргізушілер наразалыққа шықты (+видео)

  • 09.11.2021, 23:27,
  • 431
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: скриншот

Атыраулық жүргізушілер Ресейде тіркеуде тұрған автокөліктерінің айып тұрағына ескертусіз қойылуына және онымен қала ішінде жүруге тыйым салынғандығына наразы, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Сол көліктермен отбасын асырап, нан тауып жүрген 150-дей жүргізуші облыстық әкімшілік алдына жиналып, бұл жағдайды тиісті орындардың түсіндіруін талап етті. 

Жүргізушілер ресейлік нөмірлі автокөліктерді заңдастырып берсе деген өтініш айтты. Ал облыс әкімдігінің өкілдері ашулы азаматтарға сол жерден арыз жазғызып алып қалды. Оған қол қойған 150-ге жуық жүргізуші өтініштен бөлек, өздерінің талаптарын да тайға таңба басқандай етіп көрсетіпті. 

Орыс көлігінің учеттан шыққанда да жеңілдік түрде қойылуы. Сары номері бар басқа да. Тіркеуден шешілген көліктерді тіркеуге мүмкіндік беру. Тұраққа қойылған көліктерді шығару. Заңсыз, еш дәлелсіз көліктерді айып тұрағына салмау. Және де мынау сақттандыру полисы және де сол арқылы тіркелген көліктерді сол арқылы жүргізуге рұқсат беру. Айып тұрағында көліктердің толықтай сақталуына кепілдік беру. Штраф стоянкіге алып кеткеннен кейін, ештеңесі ұрланып кеткпейтініне, жоғалып кетпейтініне. Және де Ресейден келген көліктерді егер Ресей тіркеуден шығарып тастаған, бірақ құжат біздің Қазақстандағы адамның қолында болған болса, — деп наразы болды жүргізуші Ерқанат Сүндетов.

Жүргізушілермен әкімішілік полиция басқармасының бастығы Мырзалы Өтеғалиев те кездесті. Полицей қойылған сұрақтардың көпшілігіне «менің құзырымда емес» деп құтылып, наразылық тудырған мәселенің қайдан шыққанын былайша түсіндіруге тырысты.

Заң дейтін бұрыннан қолданыста. Қазір туындап тұрған себебі. Ішкі істер министрлігі Ресейге запрос берген август айында. Жауабы қазір келіп жатыр. 88 мың автокөлік есепте жоқ деген. Соған байланысты қазір тізім келіп жатыр. Кейбір кодексте ескерту қарастырылған. Кейбір кодексте қарастырылмаған. Сондықтан кодекс бойынша нарушение жазса, кейбір кодектсе міндетті түрде түсіндірмеуге болады, — деді Атырау обыстық ПД ӘПБ бастығы Мырзалы Өтеғалиев. 

Полицейлердің сөзінше, Атырауда Ресейде тіркеуде тұрған және тіркеуден шығарылған жалпы саны 5700 автокөлік бар. Ал жүргізушілердің арызы15 күн ішінде қаралып, жауабы беріледі деді Мырзалы Өтеғалиев. Бірақ осы мерзім ішінде ресейлік нөмірлі көліктермен жүрмеу керектігін ескертті.

Оставить комментарий
Последние новости