RSS лента

Мүгедектерге арналған тұраққа көлік қоятындар құрықталды (+видео)

  • 24.10.2021, 21:44,
  • 537
  • 0
  • Автор:
Автор фото: скриншот

Атырауда мүгедек жандарға арналған тұраққа көлік қоятындар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Атырауда мүгедектерге арналған тұраққа көлігін қойып кететіндер жиілеп кеткен. Жыл басынан бері аталған құқық бұзушылықты жасаған 100 жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мысалы, 19 қазан күні Lada Granta маркалы автокөлігі Баймуханов көшесінде орналасқан «Халыққа қызмет көрсету орталығының» алдында орналасқан мүгедектерге арналған тұраққа көлігін қойып кеткен.

 

Тексеру кезінде аталған көлік жүргізушісінің мүгедектігі жоқ екендігі анықталған. 20 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабының 4-бөлігімен (Мүгедектерге арналған тұраққа көлік құралын қойып кеткені үшін) әкімшілік хаттама жасақталып, 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынған.

 

– Арнайы белгі қойылған тұрақтың тек қана жүріп-тұруы қиын және қоларбамен жүретіндерге арналғанын көпшілік біле бермейді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еркін жүріп-тұруына жағдай жасап, оларға қоғам болып қол ұшын беру керекпіз, – дейді патрульдік полиция батальонының командирінің орынбасары Даурен Насиполла.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости