RSS лента

Бір дөңгелегі жоқ автобус оқушыларды тасымалдаған

  • 19.09.2023, 18:28,
  • 462
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Желіде бір дөңгелегі жоқ автобустың оқушыларды тасымалдап бара жатқан бейнежазбасы пайда болды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Аталған жағдай Атырау қаласына қарасты Жаңаталап ауылындағы Жамбыл атындағы мектепке қатысты орын алған. Онда оқушыларды мектепке ескі автобус тасиды екен.

 

«Жамбыл мектебінде екі-ақ автобус бар, оның біреуі істен шыққан, екіншісі бір күн жүрсе, бір күн тұрады. Курилкино, Химик, Зарослый және Бау-бақша елдімекендеріндегі балалардың күні осы сары автобусқа қарап тұр» дейді видео авторы, жергілікті блогер Аслан Омаров. Ал, облыстық білім беру басқармасы өңірде алыс ауылдардан оқушы тасымалдайтын 49 көлік бар екенін мәлім етті. «Атырауда балалар автобусына 1,1 млрд.теңге бөлініп, 23 автобус алу қарастырылған. Шалғай орналасқан алпыс елдімекеннен 4561 оқушы 49 көлікпен тегін тасымалданады» дейді басқарма басшысының орынбасары Орынтай Биманова.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости