Бұл туралы облыстық ПД ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Ерлан Биғамбаев мәлімдеді. Оның дерегінше, биыл облыста балалардың қатысуымен 52 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, оның 24-і Атырау қаласында болған. Оқиға салдарынан 53 бала жарақат алды. Былтырмен салыстырғанда балалардың өлім көрсеткіші 57,1%-ға төмендепті.
«Әйтседе, бұл сандардың өзі ата-аналарды уайымдатуы тиіс. Сондықтан балаларды арнайы авто орындықтарға отырғызып, қауіпсіздік талаптарын толықтай сақтауға шақырамыз» деді полиция полковнигі.
Қазіргі таңда бойынша білім беру мекемелері маңындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы жол белгілері орнатылуда. Сондай-ақ, жыл сайын «Абайлаңыз, балалар!», «Қауіпсіз жол», «Мектепке жол» және тағы басқа жедел профилактикалық шаралар өтіп тұрады.