RSS лента

20 бала мінген автобус қиын жағдайға тап болды

Автор фото: әлеуметтік желі

Автобус жүргізушісіне "Қазавтожол" қызметкерлері көмектесті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Астана-Павлодар тас жолында спортшы балаларды тасымалдайтын автобус бұзылды. Бұл труалы Stan.kz ақпарат агенттігі мәлім етті. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

 

"20:15 шамасында Астана-Павлодар республикалық трассасын патрульдеу барысында "Қазавтожол" қызметкерлері жолдың шетінде сынған автобусты тапты. Жүргізуші спорттық турнирден елордадан Өскеменге 20 баланы тасымалдағаны белгілі болды", - деп хабарлады"ҚазАвтоЖол".

 

Жолшылар автобус жүргізушісін қосалқы бөлшекті жөндеу үшін жақын маңдағы қызмет көрсету станциясына апарды. Жүргізуші жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда, балаларды бақылауда болды. Осыған дейін автобуста автономды жылыту жүйесі қосулы болғаны нақтыланды. Автобус жөнделгеннен кейін олар сапарды жалғастырды.

 

"Штаттан тыс жағдайларда Республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар Қазавтожолдың call-орталығына 1403 қысқа нөмірі бойынша хабарласа алады", – деді баспасөз қызметі.

Оставить комментарий
Последние новости