2002 жылы ол танысының ұсынысына келісіп, сатып алушыдан қарыз алу үшін осы пәтерін кепілдікке қоюға рұқсат берген және қателесіп, оның сатылуы үшін сенімхатқа қол қойған.
Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлім еткендей, бірнеше күннен кейін осы сенімхат негізінде пәтер 100 мың теңгеге сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға сатылған, бұл шарт заңды түрде тіркелген.
2023 жылы пәтер сатып алушының ағасына мұрагерлік жолмен өтті (сатып алушы қайтыс болды), ал жарты жылдан кейін ағасы пәтерді ұлына сыйға тартты.
Алайда, осы уақыт бойы пәтер бұрынғы иесі Н-нің иелігінде қалып, ол отбасымен бірге пәтерде тұрып, оны ұстауға байланысты шығындарды өтеген.
Пәтері туралы жасалған мәмілелерді білген соң, ол қайтыс болған сатып алушының ағасы мен оның ұлына қарсы сотқа талап қою беріп, сатып алу-сату және сыйға тарту шарттарды жарамсыз деп тануды сұраған және мәміленің жалған болғанын айтқан.
Сотта пәтер сатушының пәтерді сатуды ойламағаны, оны сату туралы хабарландыру бермегені, шарттағы бағасы төмендетілгені және ол сатып алушыға берілмегені анықталды. Сатып алушы өмірінде пәтерді иеленіп, пайдаланбаған.
Даулы баспана талап қоюшының жалғыз тұрғын үйі болып табылады, ол отбасымен бірге сол жерде қазір де тұрып жатыр. Шарт жасалғаннан кейін сатып алушының пәтерге кірмегені және оны ешқандай жолмен пайдаланбағаны, шарттың Азаматтық кодекстің 406-бабына сәйкес салдары болмағанын көрсетеді.
Сатып алу-сату шартына сәйкес, сатушы мүлікті сатып алушының меншігіне беруі, ал сатып алушы оны қабылдап, төлем жасауы тиіс.
Сот жауапкердің пәтер сатылғаннан кейін Н. оның ішінде ауызша жалға алу келісімі бойынша тұрғаны және жалдау ақысын төлегені туралы дәлелдерін қабылдамады. Сотқа жалға алу туралы шарт ұсынылмады, ал Азаматтық кодекстің 544 және 601-баптарына сәйкес, бір жылдан асатын мерзімге жасалған мүлікті жалға алу шарты жазбаша түрде жасалуы тиіс.
Сот талап қоюды қанағаттандырды: даулы сатып алу-сату және сыйға тарту шарты жарамсыз деп танылды.
Мәміле қайтарымсыз сипатқа ие, мүліктің мұрагерлері ешқандай материалдық шығын көрмеді, бұл Азаматтық кодекстің 261-бабының 2-тармағына сәйкес меншік иесіне өз мүлкін қайтаруға мүмкіндік береді.
Сот шешімі заңды күшіне енді.