Оған неке қиғанына әлі 5 жыл болмаған жас отбасылар қатыса алады.
Жылдық 6 пайыздық мөлшерлемемен ипотека рәсімдеу үшін келесі шарттарды орындау керек: Отбасы банкінде депозит ашып, бір жылда алатын пәтер құнының 50 пайызы көлемінде қаржы жинау; Осы уақыт аралығында бағалау көрсеткішін 5-ке жеткізу.
Ипотека рәсімдегеннен кейін екі жыл өткенде пайыздық мөлшерлеме 5 пайызға дейін төмендейді. «Жас отбасы» бағдарламасының бір ерекшелігі – ерлі-зайыптылардың жасы мен отбасындағы бала саны маңызды емес.
Сондай-ақ, пәтерді жаңа үйден де, не қолданыстағы үйден де таңдай алады. Оған қоса, жер сатып алуға не үй салуға несие рәсімдей алады. Ипотека 6 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге беріледі.