Биыл 7 айда 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл жоспардан 14%-ға асып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,7%-ға өскенін көрсетеді. Сонымен қатар, енгізілген пәтерлер көлемінің өсуінің оң динамикасы байқалады. Жоспар бойынша 67,6 мың пәтер 73,8 мың пәтер салынды, өсім 9,1% құрады.
Мемлекеттің басты міндеттерінің бірі халықтың әлеуметтік осал топтарына қолайлы тұрғын үй жағдайларын жасау болып табылады. 2023 жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 10 878 жалға берілетін пәтер сатып алу үшін 105,2 млрд теңге бөлінді.
Бұдан басқа, 2023 жылы кредиттік тұрғын үй салуға 158,5 млрд теңге сомасына лимит қарастырылған және 725,8 мың шаршы метр немесе 12,1 мың пәтер салу жоспарланған.
Биыл тұрғын үй қарыздарын беру үшін 71,9 млрд теңге қарастырылған. Отбасы банк «2-10-20» ипотекалық бағдарламасы бойынша 3.176 несие және «5-10-20» бағдарламасы бойынша 3610 несие беруді жоспарлап отыр.