RSS лента

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 6,8%-ға азайған

  • 10.11.2023, 12:07,
  • 410
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com/oleksandrpidvalnyi

Бір жылда жаңа тұрғын үйлерді сату 5,1% өсті, ал пәтерлерді қайта сату бағалары 5,3% төмендеді, деп хабарлайды Turantimes.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. 

Бюро мәліметінше, 2023 жылғы қазан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 32 975 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 023 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 24 952 мәміле жасалды. 2023 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда (35 398) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 6,8%-ға азайды. Мәмілелер саны бойынша Алматы (5 854 – 17,8%) және Астана (5 438 – 16,5%) қалалары, сонымен қатар,  Қарағанды облысы (3 075 – 9,3%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 298 бірлік (0,9%).


2023 жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда қазанда ең көп өсім Түркістан (+29,5%), Атырау (+8,9%) облыстарында  және Шымкент (+4,8%) қаласында  тіркелді. Ал бір айдағы ең үлкен төмендеу Астана қаласында (-19,2%), сонымен қатар, Абай (-15%) және Шығыс-Қазақстан (-11,9%) облыстарында орын алды.


2023 жылдың қазанында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 4%-ға азайған, ол кезде 34 336 мәміле ресімделген болатын. Азаюдың ең жоғарғы көрсеткіші Ақтөбе облысында (-20,4%-ға) тіркелді, ал Алматы облысында ұлғаюдың ең үлкен көрсеткіші (25,1%-ға) байқалды. Динамиканың төмендеуі 2023ж. қаңтар-қазан айларындағы мәмілелер санының 2022ж. қаңтар-қазан айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда орын алды және -24,5%-ды құрады.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости