RSS лента

2023 жылғы 1 шілдеге Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері

  • 18.08.2023, 15:52,
  • 556
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com/chickenonline

Республика бойынша ең көп аудандар саны Ақмола облысында, ал облыстық маңызы бар қалалар мен кенттік әкім аппараттары Қарағанды облысында. Ақмола және Қостанай облыстарында ауылдық әкім аппараттары көп болса, ауылдық елді мекендердің саны ең көп - Түркістан облысында, деп хабарлайды Turantimes.kz 

2023 жылғы 1 шілдедегі деректер бойынша Қазақстанда:

188 аудан
89 қала
- 38 облыстық маңыздағы
- 48 аудандық маңыздағы
- 3 Республикалық маңыздағы


6 286 ауыл
29 кент
2 176 ауылдық округ бар


Республика бойынша қала мен ауданның ең көп саны Ақмола облысында – 11 қала және 17 аудан. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аудандар саны 2 бірлікке артқан, бір-бір жаңа аудан Астана және Шымкент қалаларында құрылған.


Ауылды елдімекендердің ең көп саны Түркістан (825), Солтүстік Қазақстан (635) және Ақмола облыстарында (589). Егер бір жыл бұрынғы мәліметтермен салыстырсақ, ауылдар саны 7 бірлікке азайған. Батыс Қазақстан облысында 3 бірлікке, Қарағанды облысында 5 бірлікке, ал Түркістан облысында, керісінше 1 ауыл қосылды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости