RSS лента

3 өңірде халық саны 2 млн адамнан асты

  • 30.10.2023, 11:07,
  • 286
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Алматы (2 146 576) мен Түркістан облыстары (2 054 021) және Алматы қаласы (2 030 285), деп хабарлайды Turantimes.kz Ұлттық бюро статистикасының мәліметіне сүйене отырып. 

2009 жылғы санақтан бері Қазақстан халқы 20% өсті. Тиісінше, 2021 жылғы 1 қыркүйектегі санақ қорытындысы бойынша халық саны 19 186 015 адамды құрады.


Санақ арасындағы кезеңде халықтың ең көп өсуі Астана қаласында – 2 есе (613 мыңнан 1 234 мың адамға дейін), Шымкент қаласында 1,5 есе (730 мыңнан 1 112,4 мың адамға дейін) және Маңғыстау облысында (485 мыңнан 735 мың адамға дейін) байқалды.

Гендерлік құрылым өзгеріссіз қалды. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша олардың саны жарты миллионға (536,3 мың адамға) артық болды. 


Алдыңғы санақпен салыстырғанда ерлер саны 1,6 млн, әйелдер саны 1,5 млн артты. Қазақстанда 1000 әйелге 946 ерден келеді.


Бұл ретте ерлердің әйелдерге қарағанда арақатынасы тек екі өңірде – Қызылорда және Түркістан облыстарында көп, онда 1000 әйелге сәйкесінше 1006 және 1027 ер адамнан келеді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости