Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік статистикалық басқармасы осындай мәлімдеме жасады.
"Құрлықтық Қытайда халық саны 1,41178 млрд адамға жетіп, 2020 жылы көбеюін жалғастырды. Қала тұрғындарының үлесі 901,99 млн адамға жетіп, ел тұрғындарының жалпы санының 63,89 пайызын құрады. Елде 60 жас және одан асқандар үлесі 18,7 пайызға жеткен, бұл 2010 жылы өткен халық санағындағы көрсеткіштен 5.44 пайыз жоғары.
Сондай-ақ, 105 ер адамға шаққанда 100 әйел адамнан келген. Қытайдағы 7-ші жалпыұлттық халық санағына сәйкес, соңғы онжылдықта ел тұрғындарының саны орташа есеппен алғанда жылына 0,53 пайызға артып келеді" делінген хабарламада.