RSS лента

Мемлекеттік сатып алудың жаңа тәсілдері енгізілді

  • 09.02.2023, 00:05,
  • 328
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

2022 жылы рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс және негіздемелік келісімдерді пайдаланылатын конкурс түрінде мемлекеттік сатып алудың жаңа тәсілдері енгізілді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мәлімдеді.


«Осы күнге дейін осы рейтингтік-балдық жүйе арқылы жалпы сомасы 225 млрд теңгеге 899 шарт жасалды. Бұл тәсіл конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуынсыз сатып алу жеңімпазын автоматты түрде анықтайды. Сонымен қатар сатып алуды онлайн режимінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін электрондық дүкен енгізілді. Ол арқылы былтыр жалпы 43 млрд теңегеге 185 мың сатып алу өткізілді. Рәсімдерді оңайлату мақсатында негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып, конкурс түрінде сатып алудың жаңа тәсілі енгізілді. Бұл тәсіл сатып алу процедураларын 2 айдан 30 күнге дейін қысқартты. Биылдан бастап сапалы тауарларды сатып алу мақсатында өмірлік циклдің құнын пайдалана отырып, конкурстың жаңа тәсілі енгізілді, мұнда өнім берушіні таңдау сатып алу бағасы негізінде емес, тауардың бүкіл қызмет ету мерзімінің құны негізінде жүзеге асырылады», - деді вице-министр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости