RSS лента

«Жекпе-жек» президенті сотталды

  • 12.08.2024, 14:01,
  • 618
  • 0
  • Автор:
Автор фото: "Midjourney" нейрожелісімен жасалған

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Жекпе-жек» ҚБ федерациясының президентіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ол 2021 жылы Алматы қаласында өткен «Жекпе-жек» спорт түрінен әлем чемпионатының хаттамаларын қолдан жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен білгеніміздей, оған 3 миллион 692 мың теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

 

Жалған құжаттарды пайдалана отырып, А. спортқа қатысы жоқ адамдарға «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» спорттық атақтарын беруге өтінімдер берді.

 

Үкім заңды күшіне енді.

 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілер мониторингі барысында қазақстандық аралас жекпе-жек күрескері А. жалған спортшыларға «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» және «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» спорттық атақтарын негізсіз беру туралы бейне Жолдауы зерделенген болатын.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған жарияланымға уақытылы жауап беріп, сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.

 

Агенттіктің ұсынысы бойынша жалған спортшылар спорттық атақтарынан айырылды.

 

Агенттік жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижесінде Туризм және спорт министрлігінің атына жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар енгізгенін атап өтеміз.

 

Спортты теріс пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы халықаралық стандарттарды ратификациялау, жоғары жетістіктер спортын қаржыландыруды орталықтандыру, жоғары жетістіктер спортын қаржыландыру нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін, инфрақұрылым, спорттық іс-шаралар мен жетістіктер саласында айналысатын адамдар бойынша толық деректерді қамтитын Е-sport ұлттық цифрлық платформасын енгізу ұсынылды.

 

Бұл спортшылар, инфрақұрылым, жарыстар мен жетістіктер туралы бірыңғай деректер қоймасын құруды көздейді және спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости