RSS лента

Олжас Бектенов жаңа премьер-министр

  • 06.02.2024, 14:58,
  • 190
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: akorda.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, делінген Ақорда хабарламасында. 

Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.  2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген, мамандығы – заңгер. 


Еңбек өтілі: 

2002-2005 жж. – Алматы қаласы әділет басқармасында бас маман.

2005-2006 жж. – ҚР премьер-министрі кеңсесінде заң бөлімінің бас сарапшысы.  

2006-2009 жж. – ҚР Президенті әкімшілігінде қызмет еткен. 

2009-2012 жж. – ҚР әділет министрлігінің тіркеу және құқықтық алғашқы көмек көрсету қызметі комитеті төрғасының орынбасары.   

2012-2014 жж. –  ҚР экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлық қарсы күрес агенттігі орталық аппаратында департамент басшысы. 

2015-2016 жж . – Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі.

2016-2017 жылдары – Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысы.

2017 жылғы шілдеден бастап Ақмола облысы әкімінің орынбасары.

2018 жылғы 1 маусымнан – 2019 жылдың 20 маусымына дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары.

2019 жылғы 26 маусымнан бастап – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.

2022 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы болып тағайындалды.

2023 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.


Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары Премьер-Министр лауазымына ұсынылған кандидатурасын қолдады. Дауыс беруден ҚКП және ЖСДП партиялары қалыс қалды. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости