Ерболат Ибрайханов 1981 жылы туған. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «қаржы және несие», Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «құқықтану», Nottingham университетін (Ұлыбритания мемлекеті) «мемлекеттік басқару», ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
Ол еңбек жолын 2003 жылы ҚР Әділет министрлігі Сот сараптама орталығында бас экономист болып бастаған.
Әр жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Бәсекелестікті қорғау және дамытуды үйлестіру департаментінің жетекші маманы, ҚР Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің бас маманы, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің бас сарапшысы, басқарма бастығы, тергеу департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
2011-2012 жылдары Қостанай және Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекцияларының бастығы, 2012-2014 жылдары Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясының бастығы, 2016-2017 жылдары Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары, 2018-2019 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымдарында еңбек еткен.
2019 жылғы қазанынан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.
2022 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болды.