RSS лента

Өзбекстандық азамат жастарға "ләззат" сыйлаған...

  • 29.04.2024, 08:11,
  • 176
  • 0
  • Автор:
Автор фото: carposting.ru

Сауда орталығында насыбайды заңсыз сатқан шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен білгеніміздей, 18 наурызда «Насыбай» жедел профилактикалық іс-шарасы басталған болатын.

 

 «Іс-шараның мақсаты – темекі өнімдеріне жатпайтын насыбайды сатуға тыйым салу. Облыс орталығындағы Авангард шағынауданында орналасқан сауда орталықтарының бірінде Өзбекстан Республикасы азаматы насыбайды заңсыз сатқан. Одан арнайы пакетке салынған 340 насыбай анықталды. Енді 29 жастағы шетелдікке қатысты қажетті құжаттар жинақталуда» делінген хабарламада.

 

Айта кетейік, бұл мәселені Президенттің өзі де Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші жиынында көтерген еді.

 

«Оның қалай жасалатыны – белгілі, ешқандай санитарлық талап сақталмайды. Құрамында түрлі дертті, соның ішінде онкологиялық ауруларды қоздыратын заттар бар. Насыбайды өндіруге және таратуға 2015 жылы тыйым салынған. Бірақ әлі күнге дейін көшеде, тіпті азық-түлік дүкендерінде ашық сатылып жатыр. Құқық қорғау мекемелері ешқандай шара қолданып жатқан жоқ» деген еді Мемлекет басшысы.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости