Бұл туралы Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы Ерболат Есенов айтты.
«Техникалық талаптарға сәйкес келмейтін ресейлік сүт өнімдеріне тыйым салынды. Ондай тауарды ел аумағына кіргізуге енді рұқсат жоқ. Жыл басынан бері жүргізілген 190 тексерсістің 52-сі техникалық реттеуге қатысты болып отыр. Нәтижесінде, 5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Сондай-ақ, 15 сертификаттың заңсыз берілгені анықталды» дейді ол.