Яғни, «Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда мен Маңғыстау аймақтарында уақыт бір сағат алға жылжиды» делінген желідегі хабарламада. WhatsApp мессенджерінде тарап жатқан мәліметке тұрғындар өз қарсылықтарын білдіріп, пікір қалдыруда.
Алайда, Атырау облысы бойынша техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің басшысы Ерболат Есенов AtyrauPress тілшісіне бұған қатысты ешқандай ресми мәлімет түспегенін айтты. Сондықтан, бұл ақпаратқа сену әзірге орынсыз.
«Егер алдағы уақытта расымен де уақыт белдеуіне қатысты қандайма бір өзгерістер туындап жатса, міндетті түрде қосымша хабарлайтын боламыз» деп сендірді ол.