Департаментте нақтылағандай, тұтынушы тарапынан түскен өтініш электр желілеріне қосылуға техникалық шарттар беруге қатысты болған.
«Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 26-бабы 2-тармағының 4-тармақшасына сәйкес монополист тұтынушыларға бос қуаттар болмаған не қажетті желілер болмаған жағдайларды қоспағанда, өз қызметіне қол жеткізуді ұсынуға міндетті. Алайда, компания тиісті қызметті ұсынбаған көрінеді.
«Атырау-Жарық» АҚ-ға ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 4-бөлігі («табиғи монополия субъектісінің ҚР заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы») бойынша 4 667 200 теңге мөлшерінде айыппұл сала отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл қысқартылған өндірісте 7 тәулік ішінде көрсетілген соманың 50% мөлшерінде төленген.