Оған акционерлік қоғамның айналасында орналасқан кәсіпорындардан электр энергиясы үшін алынған 6 млн 300 мың теңгені толық игермеуі себеп болған. Яғни, әуежай есепшілері қомақты қаражаттың небары отыз теңгесін өз мақсатына жұмсауды ұмыт қалдырыпты.
«Табиғи монополиялар туралы Заңға сәйкес, субъект тарифтік сметаны орындауға міндетті. Мұны әуежай басшылығы орындамағандықтан оларға 4,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік іс қозғалды. Алайда, әуежай департаменттің шешімімен келіспей, бізге материалды сотқа жіберу туралы өтініш жолдады», — дейді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің АОД басшысы Әлібек Төлеп.
Қазір департамент 53 монополисттің жұмысын реттеуге қатысып отыр. Былтыр тарифтік сметаларды және инвестициялық бағдарламаларды орындамаған 9 табиғи монополия субъектісі анықталып, оларға 26,6 млн теңгеден астам айыппұл салынған. 6 компания берешегін толықтай өтеген.