Сәйкес қаулыға штат губернаторы Грег Джанфорте қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Мен монтаналықтардың жеке деректерін Қытай Коммунистік партиясынан қорғау үшін TikTok желісін қолдануға тыйым салдым", – деп жазды ол Твиттердегі парақшасында.
Саясаткердің сөзінше, TikTok "шетелдік қарсыластармен байланысты" қосымша. Сондай-ақ губернатор штаттағы байланыс желісі арқылы жеке деректер мен мағлұматтарды "шетелдік қарсыластарға" ұсынатын барлық қосымшаны бұғаттауды тапсырған.
Reuters басылымының мәліметінше әлеуметтік желі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұғаттала бастайды.