Депутаттық сауалды мәжілісмен премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдады. Аманжол Әлтай өз сөзінде жасөспірімдер арасындағы жағаұстатарлық оқиғалар көбейіп бара жатқанын, мектепте, отбасында, жалпы қоғамда бала тәрбиесі өзекті екенін айтты.
"Оқу-ағарту министрлігі мектептерде мұғалімдер оқушыларға тек академиялық білім беріп қана қоймай, балаларға берген тәрбиесін де таразылау механизмдерін енгізген жөн. Әлеуметтік педагог, сынып жетекшісі қызметін ұйымдастыру қағидаларын қайта қарауы тиіс. Қазақстанда балалар арасында шектеусіз қызмет жасап жатқан Tik-Tok әлеуметтік желісін кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында тыйым салу керек", - деді депутат.