«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ өкілі Гүлмира Искалиеваның айтуынша, таралып жатқан бұл ақпарат жалған.
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекттік корпорациясы әлеуметтік қамсыздандыру бағытында бала тууға байланысты бір жолғы жәрдемақы, бала 1 жаска толғанга дейінгі мемлекеттік жәрдемақы және 4 баладан жоғары отбасыларға ай сайын көп балалы отбасы ретінде төленетін жәрдемақылар бар. Ал, аудиожазбадағы айтылып жүрген ақшалар туралы ресми түрде ақпарат жоқ екенін хабардар етеміз, деді Г.Искалиева.