RSS лента

83 жастағы алматылық қария өзін 38-де сезінеді

  • 28.10.2022, 00:19,
  • 479
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Алматылық 83 жастағы тұрғын Төлеуғали Сатыбалдиев TikTok желісінде өзінің киім стилімен көпшілікті таңдай қақтырды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Күнделікті киіну стилін видео арқылы салып, миллиондап қаралым жинап жүрген қария жастың сәнді түсінуге еш кедергісі жоқ екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” порталына сілтеме жасап. 

 

Қария басында мұншалықты танымалдылыққа ие болатынын ойламаған екен. Алты айдан бері жазылушыларын өз стильімен қуантып жүрген ақсақалға видеолар немерелері монтаждап береді екен.


Жарты жыл бұрын ол жұбайынан айырылып, қайғырған кезінде немерелері TikTok желісін көрсетіп көңілін аулаған. Кейін қарияға видео түсіру идеясын да немерелері ұсынған. Осылайша Төлеуғали ақсақал өзінің сәнді образдарын түсіруді қолға алған. 


“Осылайша қайғыдан көңілімді басқа жаққа аудардым. Кейін тіпті олардан мені түсіріңдер деп өзім сұрайтын боолдым. Олар да мені түсіріп баршаға көрсетті. Бәрі осылай басталды”,- деді ақсақал.


Қария стильді образдарды өзі таңдайтынын айтады. Киімнен сәнді сезіну оған әкесінен берілсе керек. Төлеуғали ақсақалдың сөзінше, отбасы мүшелері тысқа шыққанда сәнді әрі ұқыпты көрінуге міндетті. 


Төлеуғали Сатыбалдиевтің TikTok желісінде 2,5 миллионға дейін қаралымы бар. Ол бастысы мақсат немерелерін жақсы адам етіп тәрбиелеу екенін айтады. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости