Желіде танымал ресейлік рэпер Әлішер Моргенштерннің Алматыда өткен концертінен көптеген видеолар талқыға түсуде. Әнші сахнада гитараны сындырып, балағат сөздер айтып, мәдениетсіз әрекеттер жасап қана қоймай, тіпті мастықтан соңында аяғын басып, тұра алмай жерге құлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі almaty.life парақшасына сілтеме жасап.
Ресейлік рэпердің концерті 7 қазанда Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде өтті. Әлеуметтік желіде әртістің өнерінен видеолар мен фотолар тарап жатыр. Кадрларға қарағанда, шектен шыққан рэпер сахнаға мас күйінде шыққан.
Соған қарамастан әртістің концертін тамашалауға ниет білдіргендер көп болған. Орындаушының қылығы тыңдармандарының көңілін қалдырса керек.
Көпшілік желіде: "Шығармашылық тұлғаларды бәрі түсіне бермейді", "Сыйластық жоқ", "Көрерменге деген құрметі осы ма?", "Шаршадым деп жатып алғаны ма?", "Тыңдармандарының алдында өзін осылай ұстауына бола ма?”,- деп пікір білдірді.
Сондай-ақ, деректерде концерт кезінде репердің сахнада балағат сөздер айтып, гитарасын сындырып, сахнаны айналып өткені атап өтілген.