RSS лента

Өзінің жерлеу рәсімінде күлкіге батырды...

  • 24.10.2022, 00:27,
  • 793
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Зейнеткер өзінің жерлеу рәсімінде отбасы мен жақындарын күлкіге батырды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

АҚШ-тың Техас штатында қайтыс болған кейуана өзінің жерлеу рәсімінде туыстарымен және достарымен байланыста болудың жолын ұсынып, қаралы шараға келгендерді бір күлдіріп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Марқұм Джо Мари Перриманның әзілкештігі сонша әйел қайтыс болғаннан кейін жерлеуге келгендердің барлығына сеансқа шақырту мен суреті жапсырылған ашық хаттар таратылған. Онда  "Байланыста болыңыз!" деген қолтаңба мен тілі мен екі ортаңғы саусағын көрсете түскен зейнеткердің суреті болды.

 

Марқұм Грейси Перриманның немересі әлеуметтік желіде ашықхаттың суретін жариялады. Әжемнің жерлеу рәсімінде алдым деп салынған пост желіде тарап, бірнеше күн ішінде 659 мың лүпіл жинады.

 

"Енді бұл ашықхатты мұңайған сәтіңде қарауыңа болады", "Таңқаларлық жайт, Мен де немерелерімнің құрметіне осындай карта жасайтын боламын”,- деп жазды желі қолданушылары.

 

Әйелдің артында үш баласы, жеті немере және үш шөбересі қалған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости