«Бүгін 16 желтоқсан. Бұл ұмытылмайтын күн. Қасіретті күн. Біз соның бәрін көрдік. Естідік. Тәуелсіздік жолында тәуелсіз ел боламыз деп ұмтылған жастардың көбі алаңда құрбан болып кетті. Біз сіздерді ұмытпаймыз. Жатқан жерлеріңіз жайлы, топырақтарыңыз торқа болсын. Сіздерге бас иеміз. Сіздерге арнап шелпек пісіріп, құран бағыштап жатырмын» дейді Мақпал Жүнісова.
Ал әнші Сейфуллин Жолбарыс бүгінгі мерекені ұмытқан сияқты. Ол ұйқысынан тұра сала өзінің Instagram-дағы парақшасына тойда ән салып, би билеп тұрған видеосын салды. Сейфуллин көтеріңкі көңіл-күйін білдіру үшін видеоның астына күліп тұрған адамның және шырша мен аяз атаның смайликтерін қолданған.
Әнші Салтанат Бақаева енесінің туған күнін тойлап жатыр екен. Ол енесіне қып-қызыл раушан гүлдерін сыйлады. Дегенмен Салтанат атаулы мерекені ұмытпаған.
«Еліміздің тәуелсіздік күнімен қатар біздің үйде анамыздың туған күнін тойлап жатырмыз. Осылай бейбіт елде немерелерімен шүйіркелесіп отырғанға не жетсін? Ата-бабамызға алғыс айтамын» деп жазды Салтанат Бақаева.
Ал әнші Қайрат Нұртас Тәуелсіздік мерекесін ұмыт қалдырған сияқты. Ол әлеуметтік желіде 135 миллион теңгеге су жаңа көлік алып жатқанын айтып мақтанды.
«Мына қымбат темір тұлпар бес күннен кейін менікі болады» дейді Қайрат Нұртас.
Әнші бұған дейін 2020 жылы шыққан Лексус-570 көлігін тізгіндеген еді. Оның құны 60 миллион теңгеге бағаланады. Көліктің нөмірі де анау-мынау емес, "777 VIP" еді.
Қазір Қайрат анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбековамен бірге АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында жүр.