«Көп адам жиналуы керек еді, бірақ пандемия кезінде бұған тыйым салынып отыр. Заң бар. Соған сәйкес, көп адам шоғырланбауы керек. "Намыс" клубынан Азамат Жолданбаев, Мақсат Мамадияров және бір топ жігіт келді. Біздің бар тілегіміз – осы фильмді заңды түрде тоқтату. Бұл фильмді көрсетуге болмайды. Күні кеше олар қазақтың намысын аяққа таптады. Сондықтан біз үйімізде отыра алмадық, бұл жерге өз наразылығымызды білдіру үшін келдік.
Дипломаттар біздің петициямызды қабылдады, пікірімізге құлақ асты, наразылығымызды түсінді. Олар құжатты қарау үшін бас консулға тапсыратынын айтты. Ең бастысы, олар бізді және көздеген мақсатымызды түсінді. Мақсатымыз - осы фильмнің біздің елде таралуына жол бермеу» дейді «Намыс» клубының жетекшісі Азамат Ғалымжанұлы.
"Өз ойын білдіру бостандығы мен бейбіт жиындарға еркіндік беру – АҚШ Конституциясында көрсетілген құқықтар. Сондай-ақ АҚШ үшін де, Қазақстан үшін де негізгі құндылық болып табылады. Біз азаматтардың өз ойын бейбіт түрде білдіру қабілетін қолдаймыз. Дәл осы мүмкіндік біздің елдерді мықты етеді" делінген хабарламада.