Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады.
«Өмірге Ажар Жұмашқызы келді. Аллаға шүкір» деп жазды ол.
Ал, мұның алдында әнші жұбайы жөнінде жазба қалдырған болатын.
«Темірден түйін түйген, еңбекқор, ата-бабасы Ресейде туған, өз ата-анасы бақилық болған, өзі өмір көрген, болмысымды құрмет тұтатын Жұмаш деген өзіммен құрдас кәсіпкер азамат маған үйленді. Өзім де іштей "мендей келіншек дәл осы азаматтың шәйін қайнатып, отын тұтатуы керек" деген ойға тоқтадым» деп жазған еді.
Айта кетейік, 1976 жылы Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында туған әнші 2014 жылы «Құрмет» орденінің иегері атанды. Бүгінде оның Қамбар есімді ұлы ер жетіп қалған.